Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазан қаласындағы «Адмирал» сауда кешеніндегі өрттен қаза тапқандардың саны 9 адамға жетті

  • AstanaTV
  • 13 наурыз 2015
  • 1312

Қазанда отқа оранған «Адмирал» сауда орталығындағы үйінділер астынан 10 адамның мәйіті табылды. Бұл жөнінде РИА Новости хабарлайды. Қаза болғандар саны әлі де артуы мүмкін. Құтқарушылар тағы 25 адам үйінді астында қалуы ықтимал дейді.

Отқа оранған ғимараттың төбесі шыдас бермей опырылып түскен. Қызыл жалын 4 мың шаршы метр аумақты шарпыды. Төтенше жағдай жөніндегі қызмет мамандары тілсіз жауды 8 сағатта әрең ауыздықтады.

Қазір өрттің шығу себептері анықталу үстінде. Бұған дейін оның электр желісіндегі ақаудан шыққаны айтылған. Алайда күзетші өрт сөндірушілерді бірден шақырмай, өз күшімен өшірмек болған. Сол аралықта тілсіз жау тез тарап үлгерген.

Мөлдір ДЮСЕКИНА