Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда «Ардагер-аталар, іздеуші- немерелер» атты мұражай жұмысы қайта жанданды

  • AstanaTV
  • 16 наурыз 2015
  • 1398

«Ардагер - аталар, іздеуші - немерелер». Павлодарда осындай атаумен бірегей мұражайдың жұмысы қайта жанданды. Михаил Катаев атындағы оқушылар сарайында ашылған мұражайға Отан соғысы жайлы сыр шертетін 400-ге жуық іздестіру-дерегі мен 1000-нан астам жәдігер қойылған.

Келушілер ардагер аталарының жеке заттарын тамашалады.
Әсіресе, ескі фотосуреттерге қызығушылық танытқандар көп. Оқ-дәрілер, темір каска мен қойын дәптерлер де көпшілікті бей-жай қалдырмады.

Мұражай алғаш рет 1985 жылы 9- мамырда ашылған. Өткен жылы күрделі жөндеуге жабылған еді. Мұражай өзінің 30 жылдық тарихында түрлі іздестіру жұмыстарын жүргізді. Хабар-ошарсыз кеткен талай майдангер жайлы құнды ақпарат табылды.

Людмила Асеева, Мұражай қызметкері:

Соғыста із-түссіз кеткен азаматтардың тағдырын анықтау мақсатында іздестіру шаралары әлі де жалғасып жатыр. Қазір қолымызда тағы 12 іздестіру-дерегі тұр. Көрменің басты мақсаты да осыған саяды: қаза тапқандар мен хабарсыз кеткендер жайлы ақпарат жинау, тарихи шындықты ашу.

Әсем МҰХИТОВА