Русский Сайттың толық нұсқасы

Жексенбі күні Алматыда 4-5 балдық жер сілкінісі сезілді

  • AstanaTV
  • 16 наурыз 2015
  • 1274

Жексенбі күні Алматыда 4-5 балдық жер сілкінісі сезілді. Жер дүмпуі Алматы маңында сағат 20:01 кезінде болған. Бұл мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлгі Ғылым комитетінің Сеймологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.

Тербеліс эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай 28 шақырым жерде Қырғызстанмен шекара маңында болған. 15 шақырым тереңдікте болған сілкініс магнитудасы 6 баллдан асты. Алматы қаласында зілзаланың 4-5 баллдық әсері сезілді.

Оқыс оқиға байланысты Nөтенше жағдайлар департаментінің жедел штабы іске қосылды. Қазселденқорғау мекемесінің бөлімшелері жер асты көлдеріне мониторинг пен бақылауды күшейткен. Құзырлы органның бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар, коммуналдық қызметтер күштері қирауы мүмкін тұрғын үй ғимарттарды мен маңызды әлеуметтік-өндірістік нысандарды тексеріп, арнайы брифингте қорытындыларын жариялады
.

Нұрлан Мәдияров, Алматы қаласы ТЖД бастығының орынбасары:

8 қауіпті химиялық нысандарды тексеру жалғасуда. Залал келді деген ақпарат расталмады. Барлығы қалыпты жағдайда. Біз нақты ресми ақапарат алғаннан кейін ғана кабелдік жүйе арқылы халықты зілзала туралы құлақтандырдық.

Берік ХАСЕНОВ