Осы түскен ақпарат ... Орталық сайлау комиссиясының
лингвистикалық емтиханынан президент сайлауына кандидат атанудан кезекті үміткер
- журналист Жарылқап Қалибай мүдірместен өтті.
Оның «Отты жылдар тағылымы» тақырыбында жазылған шығармасынан лингвистикалық комиссия
бірде-бір қате таппады. Кейін Бауыржан Момышұлының прозасын оқып, мәдени мұра
тақырыбында сөйледі.
Алайда үміткер, 5-6 күннің ішінде қажетті 93 мыңдай қолды
жинай аларына күмәнді. Осылайша бүгінге дейін алдағы сайлау науқанының екінші
кезеңіне өткендер саны 6 адамға жетті.
Тоғжан АМАНАЛИЕВА