Русский Сайттың толық нұсқасы

Президенттік сайлау науқанының екінші кезеңіне өткендер саны 6 адамға жетті

  • AstanaTV
  • 16 наурыз 2015
  • 1148

Осы түскен ақпарат ... Орталық сайлау комиссиясының лингвистикалық емтиханынан президент сайлауына кандидат атанудан кезекті үміткер - журналист Жарылқап Қалибай мүдірместен өтті.

Оның
«Отты жылдар тағылымы» тақырыбында жазылған шығармасынан лингвистикалық комиссия бірде-бір қате таппады. Кейін Бауыржан Момышұлының прозасын оқып, мәдени мұра тақырыбында сөйледі.

Алайда үміткер, 5-6 күннің ішінде қажетті 93 мыңдай қолды жинай аларына күмәнді. Осылайша бүгінге дейін алдағы сайлау науқанының екінші кезеңіне өткендер саны 6 адамға жетті.

Тоғжан АМАНАЛИЕВА