Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте өрік ағаштары гүлдей бастады

  • AstanaTV
  • 17 наурыз 2015
  • 1344

Еліміздің солтүстігінде әлі қарлы бұрқасын болса, Шымкентте өрік гүлдей бастады. Наурыздың басында бүр жарған жеміс ағаштары енді гүл ашуда. Өңірде соңғы екі-үш тәулікте күн әдеттегіден едәуір жылынған.

Синоптиктер аймақта осындай ауа-райы сақталатынын болжап отыр. Өрік ағашының гүлдеуі Ұлыстың Ұлы күнінің жаршысындай. Осыдан бір апта бұрын ғана облыс орталығында қар жауып, нағыз қыс келгендей еді.

Өткен демалыс күндері де таулы аудандарда қар түсті. Шымкентте ауа райы күндіз +5, ал түнде -4 градус суықтықты көрсеткен. Соған қарамастан қалада көктемнің лебі сезіледі. Ауа райын болжаушылар, күн енді біртінтеп жыли бастайтынын, бірақ Наурыз мерекесі күндері жауын-шашын күтілетінін айтады.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ