Русский Сайттың толық нұсқасы

Вануату халықаралық гуманитарлық көмекке зәру

  • AstanaTV
  • 17 наурыз 2015
  • 1470

Вануату президенті Болдуин Лонсдейлдің мәлімдемесіне сәйкес бұл ел тропикалық «Пэм» циклонының салдарынан халықаралық гуманитарлық көмекке зәру. Мұндай ақпаратты Рейтерс таратты. Лонсдейлдің сөзіне жүгінсек, Вануатуға қаржылай көмек ауадай қажет.

Циклоннан келген шығынды есептеу әзірге мүмкін болмай тұр. Оның үстіне көптеген аудандармен байланыс жоқ. Порт-Виле қаласында 8 адамның қаза тапқаны расталды. Сондай-ақ, Пенама провинциясында циклон салдарынан 40 адам көз жұмды.

Лонсдейл оқиғаның себебін климаттың өзгеруімен байланыстырады. Австралия және Жаңа Зеландия басшылары табиғи апат орын алған аймақтарға гуманитарлық көмек жіберді. Австралия Сыртқы істер министрі
«Канберра Халықаралық ұйымдар арқылы Вануатуға 5 млн АҚШ доллары көлемінде қаражат жібереді»,-деді.

Самат ҚАНАҒАТОВ