Русский Сайттың толық нұсқасы

WTI маркалы мұнай бағасы 6 жыл ішіндегі тарихи минимумға жетті

  • AstanaTV
  • 17 наурыз 2015
  • 1167

WTI маркалы мұнай бағасы соңғы 6 жылда алғаш рет тарихи минимум көрсеткішіне жетті. Нью-Йорктегі электронды саудада оның құны барреліне 44 доллар болып белгіленді. Ал Brent маркалы мұнай 54 доллар деңгейінде саудалануда.

Bloomberg агенттігінің сарапшылары қара алтын құнының құлдырауын АҚШ-тағы мұнай қорының көптігімен байланыстыруда. Соңғы аптада елдегі мұнай қоры 448 млн баррельге дейін өскен. Өндіріс көлемі де 1983-ші жылдан бері тұңғыш рет ең жоғары көрсеткішке жетті.

Яғни тәулігіне 9,37 млн баррельге дейін ұлғайып отыр. Danske Bank сарапшысы Йенс Педерсен 
«сұраныстың төмендігі, экономиканың баяу өсімі мен доллар бағамының күшеюі мынадай жоғары өндіріс көрсеткіштері жағдайында котировкалардың өсіміне жол бермейді»,- дейді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ