Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақмола облысында ұйытқыған боранда жолда қалған 78 адам құтқарылды

  • AstanaTV
  • 18 наурыз 2015
  • 1500

Ақмола облысында ұйытқыған боранда жолда қалған 78 адам ажалдан аман қалды. Сондай - ақ, 24 техника қар құрсауынан құтқарылды. Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады,-деп жазады Қазақпарат.

«Өткен тәулікте болған қатты жел мен бұрқасын салдарынан облыс аумағындағы автокөлік жолдарында қар құрсауында қалған 24 техника мен 78 адам құтқарылды. Оның ішінде 2 жолаушылар автобусы мен 3 бала бар.

Апаттық-құтқару жұмыстарының жедел ұйымдастырылуы нәтижесінде адам шығыны болған жоқ», - делінген хабарламада.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА