Ақмола облысында
ұйытқыған боранда жолда қалған 78 адам ажалдан аман қалды. Сондай - ақ, 24
техника қар құрсауынан құтқарылды. Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметі
хабарлады,-деп жазады Қазақпарат.
«Өткен тәулікте
болған қатты жел мен бұрқасын салдарынан облыс аумағындағы автокөлік жолдарында
қар құрсауында қалған 24 техника мен 78 адам құтқарылды. Оның ішінде 2
жолаушылар автобусы мен 3 бала бар.
Апаттық-құтқару жұмыстарының жедел
ұйымдастырылуы нәтижесінде адам шығыны болған жоқ», - делінген хабарламада.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА