Русский Сайттың толық нұсқасы

Президенттік сайлау науқанына қатысуға ниетті тағы бір үміткер өтінішін кері қайтарып алды

  • AstanaTV
  • 18 наурыз 2015
  • 1323

Қазақстан президенті сайлауына кандидат ретінде тіркелуден ниеттенген тағы бір үміткер лингвистикалық комиссияға жетпестен жарыстан шығып қалды. Комиссияның соңғы жұмыс күнінде емтихан тапсыруға келген Жақсыбай Бәзілбаев сынақ тапсыруға кіріспей жатып, өз өтінішін кері қайтаратынын мәлімдеді.

Ашуға булыққан үміткерді лингвистикалық комиссия төрағасы тоқтатты.

Мырзатай Жолдасбеков, ҚР ОСК Лингвистикалық комиссияның төрағасы:

Біз сіздің саяси мәлімдемеңізді тыңдайтын комиссия емеспіз. Біз лингвистикалық комиссиямыз, қазақ тілінен емтихан қабылдайтын. Ондай мәлімдемеңізді төменге барып жариялаңыз. Біз комиссия емтихан тапсырмайтын болсаңыз, біз орнымыздан тұрамыз.

Журналистерді өзінің саяси мәлімдемесін тыңдауға шақырған үміткер саяси тартыстан бас тартуының нақты себебін атамады. Айта кетейік, Бәзілбаев президенттік сайлау науқанына осымен төртінші рет қатысуға ниеттенген.

Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, лингвистикалық комиссия сынағын бүгін әлі екі үміткер тапсыруы тиіс. Әзірге Қазақстан президенттігіне кандидат куәлігін алған екі үміткер ғана - Нұрсұлтан Назарбаев және Тұрғын Сыздықов.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ