Алматыда
Қазақстан Суретшілер одағынан 50 картинаны қолды қылған күдіктілер ұсталды.
Оқыс оқиға 16 наурыз күні болған. Ұрылар бір суретшінің жалпы құны 12 миллион
теңге тұратын 50 туындысын тонап кеткен.
Алмалы аудандық Ішкі Істер
Басқармасының қызметкерлері бірнеше сағат ішінде күдіктілерді қолға
түсірді.Тергеу амалдары көрсеткендей, күдіктілер бұған дейін бірнеше рет
суретшінің шеберханасына кірген көрінеді.
Осылайша ұзақ уақыт жан-жағын
бақылап, құлыпты бұзудың жолын ойластырған. Сонымен қатар,олар шеберханада
дабыл жүйесінің жоқтығын да пайдаланып кетеді. Полицияның хабарлауынша,
күдіктілер қолды болған картиналардың тоғызын сатып үлгерген.
Құны қымбат
тұратын суреттерді олар бар-жоғы 1-2 мың теңгеден сатқан. Қазір заттай айғақтар
тәркіленіп, Қылмыстық Кодекстің 188-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.
Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД Баспасөз қызметінің жетекшісі:
Осы қылмысқа
күдікті ретінде екі азамат тұтқындалды. Екеуі де еш жерде жұмыс
істемейтін,біреуі бұрын-соңды 6 рет сотталған азамат. Қазіргі таңда барлық
ұрланған суреттер тәркіленіп, процесуалды негіздер арқылы иесіне қайтарылатын
болады.
Берік ХАСЕНОВ