Русский Сайттың толық нұсқасы

Ауыл шаруашылығын қаржылай сауықтандыру 25 мың жұмыс орнын сақтап қалды

  • AstanaTV
  • 18 наурыз 2015
  • 1031

Ауыл шаруашылығын қаржылай сауықтыру 25 мың жұмыс орнын сақтап қалды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Көшербаев мәлімдеді. Оның айтуынша, қаржылық көмек бірқатар ірі агро холдингтерді банкроттықтан аман алып қалған.

Бұл жағдай «Агробизнес-2020» бағдарламасына енгізілген өзгерістердің нәтижесінде мүмкін болыпты. Аталмыш бағдарламаға сай, биыл қаржылық сауықтыруды жалғастыру үшін агро өнеркәсіп субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелерін сауықтыру сомасы 500 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылды.

Бұл қаржы Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы проблемалы несиелердің көлемін азайтып, олардың несиелік жүктемесін төмендетіп қана қоймай, банкроттыққа ұшырау қаупін барынша төмендетпек. Қаржылық сауықтыру шеңберінде несиелерді қайтару мерзімі 9 жылға дейін ұзартылып, айыппұл мен төлемақы өсімдері есептеледі.

Ермек Көшербаев, ҚР ауылшаруашылығы вице-министрі:

Сауықтыруға ең көп астық егуші аймақтардың агроөнеркәсіп субъектілері қатысуда. Сауықтыруға жататын берешектердің негізгі үлесі өсімдік шаруашылығы саласына 86,4 % тиесілі, мал шаруашылығы саласына - 2,8%, ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеушілерге - 5%, басқа қызмет түрлеріне - 5,6 %.

Айгүл ӘДЕПБАЙ