Русский Сайттың толық нұсқасы

Пәкістанда мұсылмандар мен христиандардың қарым-қатынасы ушығып тұр

  • AstanaTV
  • 18 наурыз 2015
  • 1501

Пәкістанда тағы да бүлік. Елдің Лахор қаласында полиция ереуілшілерге қарсы көз жасаурататын газ қолданып, су шашты. Алайда дүрліккен топ оңайлықпен тарқамайтын түрі бар.

Христиан шіркеулерінің жанына жиналған олар көліктерді қиратып, дөңгелектерін өртеді. Қаланың бірқатар көшелерін жауып, полицияны таспен атқылады.Тәртіпсіздіктер екі бірдей шіркеуде орын алған жарылыстардан кейін басталды.

Кемінде 15 адам қуатты бомбаның құрбаны болды.
«Талибан» ұйымы жарылысқа жауапты екендерін мойындады. Қайғылы жағдайға қатысы бар деп ұсталған екі күдіктіні ашынған топ сол жерде тірідей өртеп жіберген.

Іле-шала христиандар жарылыс болған шіркеу алдында бейбіт шеруге жиналды.Олар
«христиандарды өлтіруді доғарыңдар» деп ұрандатты.

Айгүл ӘДЕПБАЙ