Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ Ауғанстаннан әскерилерін шығаруға асығар емес

  • AstanaTV
  • 18 наурыз 2015
  • 991

Америка Ауғанстаннан өз әскерилерін шығаруға асығар емес. Бұл туралы АҚШ әкімшілігінің өкіліне сілтеме жасап, CNN хабарлайды. Жасақтарды шығарып, әскери базаларды жабу ісін баяулатып, бұл процесті кемінде екі жылға созуды ел Президенті Ашраф Гани сұраған көрінеді.

Құрама Штаттар бұл өтінішті қарап жатыр. Ақпарат құралының хабарлауынша, Обама мен Гани ауған жеріндегі қауіпсіздікті жиі талқылайды. Бүгінгі таңда Ауғанстанда 10 мыңға жуық америкалық сарбаз бар.

Бекітілген жоспарға сай, жыл соңына дейін олардың саны 5 мыңның шамасында болады. Ал 2016 жылға қарай әскерилер ауған жерінен толық шығарылмақ. Дегенмен қазір Америка әскерилері бұл жоспарға қарсы пікір білдіруде.

Олардың ойынша, әскерді біртіндеп шығару керек. Жақын күндері қос ел бір келісімге келеді деп күтілуде.

Айгүл ӘДЕПБАЙ