Русский Сайттың толық нұсқасы

Британдық газет: ««Ислам содырлары» соғыс алаңдарынан қашып жатыр», - деп жазуда

  • AstanaTV
  • 18 наурыз 2015
  • 1139

Қара басының қамын ойлаған «Ислам мемлекетінің» содырлары, сақалдарын қырып, әйел киімін киіп шайқас алаңдарынан қашып жатыр. Британдық «Мэйлонлайн» басылымы осылай деп жазады. Газет бетінде бірнеше «исламшылардың» суреті жарияланған.

Суреттерді Ирак Қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері елдің солтүстігіндегі Бакуба қаласында түсіріпті. Содырлар әйелдерше киініп, соғыс алаңынан қашып жатыр. Жуырда әлеуметтік желілердің бірінде, Ирак әскерилерінің
«Ислам мемлекеті» содырларын жазалау сәтінде түсірілген көптеген суреттер мен бейнебаяндар пайда болды.

Онда арнайы жасақ сарбаздары содырлардың қатігез жазалау тәсілін өздеріне қолданатындығын көрсеткен. Өткен жылы жаз мезгілінде
«Ислам мемлекеті содырларының» қолынан  жүздеген әскери курсанттар қаза тапқан болатын.

Енді Ирак сарбаздары солардың кегін қайтаруға ант беріп отыр.

Заңғар САНАЙ