Русский Сайттың толық нұсқасы

«Атырау» волейбол командасының директоры мен бас бапкерінің жазасы жеңілдетілді

  • AstanaTV
  • 18 наурыз 2015
  • 1348

«Атырау» волейбол командасының директоры, бас бапкері мен бас есепшісіне қатысты сот үкімі, Жоғары сотта өзгертілді. Бұл туралы біздің арнаға сотталушылардың адвокаты Игорь Вранчев телефон арқылы хабарлады.

Аппеляциялық, кассациялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырған еді. Жоғары сотта 235 бап- «ұйымдасқан қылмыстық топ» бойынша олар толықтай ақталып шықты. Нәтижесінде Жеңісбек Мұханбетжанов пен Александр Запевалов 2 жыл жалпы режимдегі коллонияда өтеуге үкім қабылданды.

Светлана Харкина- 2 жыл бас бостандығын шектеумен ауыстырылды. Запевалов пен Мұхамбетжанов биылғы жылдың мамыр айында бостандыққа шығу керек, өйткені олар  2013 жылдың мамырында тұтқынға алынды. Қазір олар Ақтау қаласындағы қатаң режимдегі колонияда, енді осында ауыстырылу керек.

Адвокат та, қорғаушылары да Жоғары сот үкіміне разы. Енді жазасы жұмсартылған спортшылар алдымен Атыраудағы жалпы режимдегі түрмеге ауыстырылып, мамыр айында бостандыққа шықпақ. Еске салсақ, 2013-жылдың қазанында Атырау облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты «Атырау» волейбол командасының басшыларына қатысты үкім шығарған еді.

Команданың директоры Жеңісбек Мұхамбетжановты және бас бапкері Александр Запеваловты пен бас есепшісі Светлана Харкинаны ұйымдасқан қылмыстық топ мүддесі үшін қызметін асыра пайдаланып, жалған құжаттар жасап, қомақты қаржыны қалтаға басты,- деп айыптаған еді.

Осылайша әрқайсысының дүние-мүлкін тәркілеп, 8 жыл қатаң режимдегі колонияда өтеуге үкім кескен болатын. Бас есепші ғана жазаны қызы 14 жасқа толған соң өтеуі тиіс еді.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ