Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақстан барынша ашық әрі әділ сайлау өткізуді қамтамасыз етуге ниетті

  • AstanaTV
  • 18 наурыз 2015
  • 1327

Қазақстан барынша ашық әрі әділ сайлау өткізуді қамтамасыз етуге ниетті. Бүгін Ақордада бірнеше мемлекеттің Төтенше және Өкілетті Елшілерімен кездесуде Президент осыны мәлімдеді. Кувейт, АҚШ, Пәкістан, Болгария және Сауд Арабиясы Корольдігі атынан тағайындалған дипломаттар Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамотасын табыстады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Қазақстан барынша ашық әрі әділ сайлау үдерісін қамтамасыз етуге ниетті. Сайлау Қазақстанның тұрақтылығын қамтамасыз етуге қуатты серпін береді. Ал тұрақтылық - экономика мен қоғамды жаңғыртудың ауқымды міндетін атқарудың басты шарты.

Дипломаттар жылы қабылдау мен ілтипат үшін Қазақстан халқына ризашылықтарын білдірді.  Америка Құрама Штаттарының жаңа тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі Қазақстандағы тұрақтылық пен бақ-берекені атап өтті. Джордж Альберт Кролл өз ойын қазақ тілінде жеткізді. 

Джордж Альберт Кролл, АҚШ Қазақстандағы Өкілетті және Төтенше Елшісі:

Қазақстанда Құрама Штатардың елшісі болу - мен үшін зор мәртебе және үлкен қуаныш. Осы мүмкіндікті пайдаланып, президент Обама мен Америка халқының ыстық ықыласын білдіремін. Америка егемен, тұрақты және гүлденуші Қазақстанды қолдайды.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ