Русский Сайттың толық нұсқасы

Астананың үздік дәрігерлері Президент алдында ән салды

  • AstanaTV
  • 18 наурыз 2015
  • 1169

Астананың үздік дәрігерлері Президент алдында ән салды. Бүгін Мемлекет басшысы Президенттің іс басқармасы медициналық орталығының ашылуына қатысты. Жаңа нысан әлемдегі ең үздік медициналық техникамен жабдықталған. Автоматты түрде басқарылатын кешенді емдеу клиникасы бір ауысымда 1000 адам қабылдайды. Сондай-ақ, 200 орындық стационар бар. Жедел диагностика, күрделі ота жасау түрлері бір ғимаратта шоғырланған. Осындай емдеу орталығын салуды Президент 6 жыл бұрын тапсырған. Мөлдір Бақытқызы тарқатады.

84 мың шаршы метр аумаққа жайылған емдеу орталығы құдды бір сарай секілді. Соны қондырғылар ғана емес, құрылысы да қымбатқа түскендей. «Есесіне, мыңдаған доллар жұмсап, шет елден шипа іздейтіндерге елімізде балама орталық табылды», - деді президент. Ал жұртқа жарнамасы қалай тарайтыны дәрігерлердің білігіне байланысты.

Көбіне біздің жұртшылық Еуропаға барады, Германия, Австрия, Корея. Қолынан келсе, Америкаға. Енді осында келетін болсын. Егер де мына клиникадан шығып жатқан аурулар, осы жерден шықтық, емделдік десе, атақтарың жайылады. Жер жарады да, содан кейін келеді.  

Үш жыл бұрын іріктеліп, шет елден оқып-тоқып келген клиника мамандары, президент қойған талап үдесінен шығуы тиіс.

Мы обучили за три года 471 врачей. Из них 150 за пределами страны в лучших клиниках зарубежья.

Орталықта ем-домның 60 пайызы мемлекеттік қызметкерлерге, 25 пайызы квотамен тегін қаралуға, қалған 15 пайызы ақылы түрде көрсетіледі. Қазірдің өзінде квота бойынша көмек алуға 17 науқас тіркеуде тұр. Жұмысқа кіріскен 5 күннің ішінде ақ халаттылар бірнеше операция жасаған.

Серік Тоқпанов, Президенттік іс басқармасы медициналық орталығының бас хирургі:

Он үші күні біз операция жасадық. Бүгінгі күнге біз 19 операция жасап қойдық.

Осындай қауырт жұмысқа қарамастан, клиника ұжымы мәртебелі мейманға ән шашу әзірлеп те үлгеріпті.

Коллектив певучий, есть у нас любимая песня –«Я люблю тебя жизнь.

Жарқыраған жаңа ғимаратқа қоныс аударып, көңілдері көтерілген дәрігерлер алдағы президент сайлауында бір кісідей дауыс беретіндерін айтты.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ