Русский Сайттың толық нұсқасы

Ауыл шаруашылығын қаржылай сауықтыру 25 мың жұмыс орнын сақтап қалды

  • AstanaTV
  • 18 наурыз 2015
  • 1449

Ауыл шаруашылығын қаржылай сауықтыру 25 мың жұмыс орнын сақтап қалды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Көшербаев мәлімдеді. Оның айтуынша, қаржылық көмек бірқатар ірі агрохолдингтерді банкроттықтан аман алып қалған. Бұл жағдай «Агробизнес-2020» бағдарламасына енгізілген өзгерістердің нәтижесінде мүмкін болыпты.

Аталмыш бағдарламаға сай, биыл қаржылық сауықтыруды жалғастыру үшін, агроөнеркісіп субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелерін сауықтыру сомасы 500 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл қаржы агроөнеркәсіптік кешен саласындағы проблемалы несиелердің көлемін азайтып, олардың несиелік жүктемесін төмендетіп қана қоймай, банкротыққа ұшырау қаупін барынша төмендетпек. Қаржылық сауықтыру шеңберінде несиелерді қайтару мерзімі 9 жылға дейін ұзартылып, айыппұл мен төлемақы өсімдері есептеледі.

Ермек Көшербаев, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

Сауықтыруға ең көп астық егуші аймақтардың агроөнеркісіп субъектілері қатысуда. Сауықтыруға жататын берешектердің негізгі үлесі өсімдік шаруашылығы саласына 86,4 % тиесілі, мал шаруашылығы саласына - 2,8%, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеушілерге - 5%, басқа қызмет түрлеріне - 5,6 %.

Айгүл ӘДЕПБАЙ