Русский Сайттың толық нұсқасы

Тунистегі теракт салдарынан 22 адам зардап шекті

  • AstanaTV
  • 19 наурыз 2015
  • 779

Тунистегі теракт салдарынан 22 адам зардап шекті. Көпшілігі туристтер. Оқиға ел астанасының орталығындағы «Бардо» мұражайында кеше күндіз болды. Антитеррорлық операция кезінде екі лаңкестің көзі жойылды.

Қазіргі таңда полиция олардың сыбайластарын іздеуде. Айта кетейік, қарулы экстремистер ең алдымен ел парламентіне шабуыл жасаған. Қызығы, бұл сәтте депутаттар жаңа антитеррорлық заңды қарап жатқан.

Бұдан кейін террористер жолдың қарама-қарсы бетінде орналасқан
«Бардо» ұлттық мұражайына еш кедергісіз кіріп кеткен. Кейіннен жүзден астам адамды тұтқынға алған. Куәгерлердің сөзінше, террористер автобустан шыққан туристтерге оқ жаудырған.

Шабуылда қаза тапқандар қатарында оншақты мемлекеттің азаматтары бар деп хабарлады Рейтерс. Атап айтсақ, Франция, Италия, Германия, Польша, Австралия, Ресей және Жапония туристері. Тунис премьер-министрі Хабиб Эссидтің болжамынша, террористік актіге
«Ислам мемлекетінің» «Ансар аль-Шариа» қозғалысының қатысы болуы ықтимал.

Соңғы ақпар бойынша теракт салдарынан 20 адам қаза тапқан. Бүгінгі таңда елде мемлекеттік шекараларды бақылау ісі қатаңдатылды.

Жұрағат БАМАН