Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресейліктер Борис Немцов өліміне тапсырыс бергендердің табыларына сенбейді

  • AstanaTV
  • 19 наурыз 2015
  • 880

Ресейліктердің басым бөлігі оппозиция өкілі Борис Немцовты өлтіруге тапсырыс бергендердің табыларына сенбейді. Оған «Левада-центр» агенттігінің сауалнамасы дәлел деп жазады «Ведомости». Респонденттердің 44 пайызы өлімге жауаптылар ешқашан ұсталмайды десе, 33 пайызы тергеудің оң нәтижесіне сенеді.

Десе де, тергеушілердің кәсіби біліктілігіне сауалнамаға жауап бергендердің 8 пайызы ғана сеніммен қарайтын көрінеді. Басылымның жазуынша, сауалнама халық арасындағы Немцовтың танымалдылығын тағы бір дәлелдеген.

Марқұм көпшіліктің есінде
«белгілі саясаткер», «экс губернатор» ретінде қалыпты. Респонденттердің тек 10 пайызының саясаткер туралы нақты ақпары болмапты. Немцов өлімінің көлеңкелі тұстары ашыларына сарапшылар да сенбейді.

Себебі елдегі атышулы қылмыстардың көпшілігі жылы жабылған көрінеді. Олар мысал ретінде Владислав Листьев пен Анна Политковскаяның өлімдерін атады. Еске салсақ, Борис Немцов 28 ақпанға қараған түнде Мәскеу орталығындағы көпірде, Қызыл алаң маңында оққа ұшты.

Өзіне тиген 4 оқтан оппозиционер оқиға орнында көз жұмды. Қазір осы іс бойынша бес адам құрықталды. Бірақ күдіктілердің барлығы тергеушілермен тілтабысудан бас тартты.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ