Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент Нұрсұлтан Назарбаев елімізге жұмыс сапарымен келген Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен кездесті

  • AstanaTV
  • 20 наурыз 2015
  • 895

Президент Нұрсұлтан Назарбаев елімізге жұмыс сапарымен келген Беларусь басшысы Александр Лукашенкомен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Екі ел басшысы сауда-экономика, инвестиция, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты қамтитын Қазақстан-Беларусь қарым-қатынасын талқылады.

Сондай-ақ халықаралық мәселелер жөнінде пікір алмасты. Елбасы екіжақты ынтымақтастық аясында қол жеткізген барлық уағдаластықтар табысты орындалып жатқанын атады. Нұрсұлтан Назарбаев Украина дағдарысын реттеу мәселесіне де тоқталды.

«Орын алған тайталастың ешкімге пайда бермейтіні жөніндегі ұстанымдарымыз үндеседі»,- деді Мемлекет басшысы. Александар Лукашенко екіжақты сауда-экономикалық өзара іс-қимылды бұдан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Беларусь Президенті Қазақстанда өткелі отырған президент сайлауына да тоқталды. «Қазақстан халқы Сізге зор ілтипатпен және ерекше жылылықпен қарайтынын білемін. Сізге тілекшіміз және жеңіс тілейміз»,-  деді Лукашенко.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА