Русский Сайттың толық нұсқасы

Британдық әскери нұсқаушылар Украина әскерін жаттықтыруда

  • AstanaTV
  • 20 наурыз 2015
  • 1120

Британдық нұсқаушылар Украина әскерін жаттықтыра бастады. 35 әскери нұсқаушы Украинада 2 ай бойы арнайы жаттығу өткізеді. Мұндай шешім жайлы Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон мәлімдеді деп жазады,-ТАСС.

Британдықтар әскерилерді жаяу әскер ұрысына, барлаушылардың мәліметіне сараптама жасау мен медициналық көмек көрсету дағдыларына үйретеді. Алайда, нұсқаушыларды Украинаға жіберу-Ресейге ұнамаған сыңайлы.

Ресей Президентінің баспасөз -хатшысы Дмитрий Песковтың хабарлауынша, шетелдік нұсқаушылардың келуі шиеленісті реттеуге әсер етпейді. Батыс мемлекетінің ұзақ мерзімді әскери бағдарламамен жаттығу өткізуі Украина дағдарысы басталғалы бері алғаш рет орын алды.

Украинаға әскери жаттықтырушылар жіберуге ниетті екенін АҚШ та мәлімдеп үлгерді.

Тоғжан АМАНАЛИЕВА