Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандықтар тұңғыш рет солтүстік полюсті бағындырмақ

  • AstanaTV
  • 20 наурыз 2015
  • 1100

Қазақстандық экспедиция тұңғыш рет солтүстік полюсті бағындырмақ. Бұған Қазақ географиялық қоғамы бастамашы болып отыр. Солтүстікке сапар Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерей тойына орайластырылып отыр.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, экспедиция 31-наурызда Алматыдан бастау алады. Қатысушылар әуелі Норвегияның Шпицберген аралына жетіп алмақ. Сосын 4-сәуірде Барное мұзды аэродромына жетіп, әрі қарайғы 200 шақырымды үш жиһанкез шаңғымен жүріп өтпек.

Олар: Сергей Бодров, Константин Орлов және Бақыт Керімжанов. Жалпы сапар 10-12 күнге созылады. Солтүстік полюс нүктесіне жетер жолда экспедиция мұз шоғырлары мен мұздақтар арасымен өтпек.

Белгіленген жерге жеткенде, қазақстандық топ мемлекеттiк тумен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының байрағын тiгетін болады.

Бақыт Керімжанов, «Қазақ географиялық қоғамы» ҚБ мүшесі, экспедицияға қатысушы:

Қазақстанымыздың көк туын солтүстік полюске тігуге атсалысып, қатысып отырмын. Стартымыз 31 наурыз болады. Шпицберген қаласына барамыз, одан ары Барное қаласына барамыз. 200 шақырымды шаңғымен жүріп өтейік деп тұрмыз.

Жұрағат БАМАН