Русский Сайттың толық нұсқасы

Жер шарының тұрғындары бүгін күн тұтылғанын көреді

  • AstanaTV
  • 20 наурыз 2015
  • 1109

Жер шары тұрғындары бүгін күн тұтылуына куә болады. Соңғы 11 жылдағы толық күн тұтылуы Еуропа көгінде анық байқалады. Сирек болатын табиғат құбылысын барша әсемдігімен тамашалауға  Фарер аралдары тұрғындарының мүмкіндігі мол.

Ол үшін қызу дайындық жүріп жатыр. Тұрғындар  көздеріне зақым келмеу үшін арнайы көзілдірік алған. Қазақстан халқына күн тұтылуын толық тамашалау мүмкіндігі бұйырмайтын сыңайлы. Жалпы бұл құбылыс ел аумағында 16.00 де басталып 17.45-те аяқталады.

Осы уақыт аралығында ай күнді батыс жағынан көлегейлеп тұрады. Сарапшылар күннің әдеттегідей жарқырап тұратынын айтудаСондықтан оған көзілдіріксіз қарау зиян. Синоптиктердің болжамына сай бүгін ауа райы ашық болады

Мұнан бөлек Жер шарының тұрғындары тағы бір күн тұтылуын тамашалайды. Ол биылғы жылдың  13 қыркүйегінде болады деп күтілуде. Оны Африка мен Мадагаскардың және  Антарктиданың тұрғындары анық тамашалай алады.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА