Русский Сайттың толық нұсқасы

Д.Туск: «Минск келісімі толық орындалғанша, Ресей санкциядан босатылмайды»

  • AstanaTV
  • 20 наурыз 2015
  • 1390

Еуропалық одақ басшылары Минск келісімі толық орындалғанша Ресейді санкциядан босатпау туралы өзара келісті. Еуропалық кеңес президенті Дональд Туск осылай мәлімдеді деп хабарлайды Рейтерс.

Тусктың сөзінше, сірескен санкцияны жібіту Украинада бейбітшіліктің орнауымен тікелей байланысты болмақ. Минск келісімінде Украинадағы ахуалды реттеуге қатысты шекті мерзім белгіленген. 2015 жылдың соңына дейін.

Соңғы мәлімдемеде Еуроодақ қажет болса, қосымша шаралар қолдануы мүмкін екені айтылды. Айта кетейік, Ресейге алғаш санкция 2014 жылы наурызда салынды. Шектеулер аясында қаржылай активтер бұғатталып, бірқатар Ресей азаматтарына Еуропаға жүріп-тұруға тыйым салынды.

Кейбір компаниялар да қара тізімге іліккен. Уақыт өте олардың саны артып, Ресей экономикасының тұтас салалары санкциядан көз ашпай қалған еді.

Мөлдір ДЮСЕКИНА