Ортаңғы
тап - қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін күш. Әлеуметтанушы Рамазан
Салықжанның пікірі бұл. «Нұр Отан»
партиясының 16 съезінде
5 реформаны ұсынған Президент орта класстың Қазақстан қоғамындағы,
экономикасындағы үлесі туралы айтты. Ал президенттік реформаның тағы бір
бағытында этностарды бөліп-жармау, үштұғырлы тіл, діннің маңыздылығына ден
қойылып, «Жалпықазақстандық мәңгілік ел идеясының құндылығы» атты жаңа мектеп
пәнін енгізуге мән берілді. Осы бағыттар туралы сарапшылар пікірі қандай?
Тоғжан Жалғасбекқызы ізденді.
Иә,
бүгінгі балалардың көбі рухани дүниелерден көрі ақшаны, компьютер мен
смартфонды құндылық деп білетіні рас. Президент тапсырған «Жалпықазақстандық мәңгілік ел идеясының
құндылығы» пәнін мектеп бағдарламасына енгізу - осы олқылықты реттеуді көздейді.
Әзірге, жаңа пәннің қандай форматта болары белгісіз. Оны Білім министрлігі
айқындайды. Ал ата-аналар жаңа пәннің енгізілуін қолдап отыр.
Шарын
Омарова:
Қазір
техникалық революция жүруде. Біздің балаларымыз айфон, компьютерлерімен өте көп
уақыт өткізеді. Егер де олардың санасына техникалық дүниелерден биік тұратын
құндылықтардың барын жеткізе білсек, балалар ең алдымен туған жерін сүйіп өсер
еді. Яғни Қазақстан үшін еңбек ететін болашақ патриоттар тәрбиелейтін едік.
Ал, үштұғырлы тіл идеясын
Эльдар жақсы түсінеді әрі толық қолдайды. 4 сынып оқушысы
орыс, ағылшын пәндерінен 5 алып жүр. Мемлекеттік тілді де жақсы меңгерген. Десе
де, кейбір филологтар «көп
тіл білудің керек екеніне дау жоқ, бірақ балаға бірден 3 тілді үйрету тиімсіз»
деген ойда. Бала алдымен ана тілін жетік білуі тиіс. Әйтпесе өзгенің
мәдениетіне үйір болып кетуі мүмкін. Қазақтың потенциалы
мен архитипінде
тіл меңгеруде проблема жоқ. «Сондықтан
балаларға шет тілдерін асықпай оқытсақ та, ұтылмаймыз»,- дейді.
Омар
Жәлел, филолог:
Негізінен
тұғыр біреу-ақ болады, мен сізге айтайын. Тұғыр - ана
тіліміз. Яғни қазақтың тілі. Іргетасы адамның мықты болғаннан кейін, ол неше
тіл меңгерсе де,
зияны жоқ.
4
сыныпқа дейін балаға тек ана тілінде білім беруді ағартушы Ахмет Байтұрсынов та
айтып кеткен. Филологтың айтуынша, шет тілдерін білу - ақпарат, ғылым-білім,
елшілік саласындағыларға қажетілігіне орай керек. Ақпаратты қайнар көзінен алу
үшін. Президент ұсынған 4-реформада
аталған тағы бір маңызды бағыт - Қазақстанның негізгі
бөлігіне айналуы тиіс «ортаңғы тап» туралы.
Орта тапқа түсініктеме берсек: Әлеуметтану ғылымы бойынша,
оған білімі бар, тұрақты жұмыс пен
табысы, баспанасы, көлігі мен жинаған қаражат қоры бар адамдар жатады.
Әлеуметтанушы
Рамазан Салықжанның айтуынша, біздің елдегі тұрғындардың 40 пайызы осы санатқа
кіреді.
Рамазан
Салықжан, әлеуметтанушы:
Ортаңғы
тап - қоғамда тұрақты дамуды қамтамасыз
ететін күш. Билік
сол ортаңғы таптың жағдайын әлі де шешуге көмектесуі керек. Санын көбейту
керекпіз - бір және сапа тұрғысынан біз ортаңғы таптың сапасын дамытуымыз
керек. Жағдайын жақсартуымыз керек. Жұмысы бар ма? Енді
баспанаға қол жеткізсін, көлік алсын, қаражатқа қол жеткізсін, дұрыс демалуға
мүмкіншілік алсын. Мысалы, тым байлар - оларға сенім
жоқ. Тым кедейлер - олар билікке
наразы, саяси жүйеге наразы.
Президент
діннің маңыздылығы мен этностардың бірлігін де осы 4-реформада
атады. Ал институционалды
5 реформа ойдағыдай жүзеге асса, мемлекеттің
мығым бола түсуіне ықпал етері хақ.
Тоғжан
ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ