Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысында болған қатты дауыл Талас ауданына 150 млн теңге шығын келтірді

  • AstanaTV
  • 25 наурыз 2015
  • 2032

Жамбыл облысында болған қатты дауыл бір ғана Талас ауданына 150 млн теңге шығын әкелді. Бұл туралы арнамызға облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттен хабарлады. Қазір елді мекендер мен қалаларды қалпына келтіруге барлығы 100-ден аса құтқарушы мен 20-ға жуық техника тартылған.

Айта кетейік кеше, күндізгі сағат 12 шамасында аймақта секундына 30 метр жылдамдықпен қатты дауыл тұрды. Қаратау қаласындағы 7 көпқабатты үйдің шатыры жұлынды. Оңтүстік батыстан соққан жел жергілікті әкімдік ғимараты мен білім, денсаулық сақтау мекемелерінің шатырларын да зақымдаған. Сарысу ауданында да 4 нысан шатырсыз қалды. Абырой болғанда, адамдар аман.

Қазір Сарысу ауданының 80 пайызы жарықпен қамтылды. Сондай-ақ, қатты жел Тараз бен Жуалы аудандарын да шарпыды. Бірақ, айтарлықтай зиян келмеген. Қазір дауыл жайпаған 4 ауданда да арнайы құрылған комиссия жұмыс істеп жатыр. 

Талғат Сабиров, Жамбыл облысы ТЖД бастығының орынбасары:

Ең қатты зақымданған Қаратау қаласы болып тұр. Шатырдың ұшқан көлемі 7 мың шарты метрдей болып тұр. Сағат 16-да электр жарығы сөндірілді. Шамамен 15 мың адам жарықсыз қалды кеше сол уақытта. Қазіргі уақытта 9 ауыл жарықсыз отыр. Қатты желдің болғанынан 150 млн теңге шығын болып отыр.

-
 Қай жақ?

- Талас ауданы, Қаратау қаласы.


Данияр ӘЛІМҚҰЛ