Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ 9 800 әскериін жыл соңына дейін Ауғанстанда қалдыратын болды

  • AstanaTV
  • 25 наурыз 2015
  • 1637

Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылықтың орнауы елде америкалық әскерилердің болғанына байланысты емес. Мұндай пікірді Вахид Можида есімді ауғандық саясаттанушы білдірді.

Саясаттанушының «Ауғанстанда АҚШ әскерилерінің 13 жылы босқа кетті» деген пікірін «Рейтерс» агенттігі таратты. Тәліптер әлі де сес көрсетуге қауқарлы, тіпті олардың қаруы ауған әскерінен асып түсетін көрінеді.

Десе де, Құрама Штаттар Ауғанстанда жыл соңына дейін 10 мыңға жуық сарбазын қалдырмақ. Бұл туралы Ауғанстан президенті Ашраф Ганидың Вашингтонға ресми сапарынан кейін белгілі болды. Бұған дейін Америка әскерилерінің ауған жеріндегі санын 2015 жылдың соңында 5500 адамға дейін қысқарту жоспарланған.

Вахид Можида, саясаттанушы:

Шет ел әскерлері Ауғанстандағы болған 13 жыл ішінде мемлекетте ешқандай оң өзгеріс болған жоқ. Қаншама Ауған халқы өлтірілді. Біздің күшіміз өзімізді қорғап қалуға қауқарсыз. Осы уақыт аралығында АҚШ пен оның одақтастары Ауған қауіпсіздік күштеріне еш көмек көрсете алмады. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ