Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда ментальды арифметикадан олимпиада өтті

  • AstanaTV
  • 25 наурыз 2015
  • 2228

Есепті калькулятордан да жылдам шығаратын жасөспірімдер. Алматыда ойша санауда техниканың өзін жолда қалдыратын 300-ге жуық баланың арасында үздіктер анықталды. 16 жасқа дейінгі оқушылар алғаш рет ментальды арифметикадан олимпиадаға қатысуға мүмкіндік алды. Біздің тілшілер есептерді арнайы құралдан бұрын санаулы секундтарда ойша шығаратын жүйрік жастармен кездесіп, таңдай қақты.

Балалар қиын математикалық тапсырмаларды санаулы секундтарда ойша есептеп шығарады. Мұндай жетістікке олар арнайы ережелермен қиялдарын дамыту арқылы жеткен. Оқушылар көбейтуді, қосу мен бөлуді калькулятордан да жылдам есептеп үлгереді. «Ментальды арифметика баланың бойындағы қасиеттерді оятуға септігін тигізеді», - дейді ерекше әдістің авторы.

Гүлжан Бердібекова, Халықаралық ментальды арифметика мектебінің бас директоры:

Ментальды арифметика дегеніміз - арнайы жүйе, ол жүйені қолдану арқылы балалар кез-келген арифметикалық есептерді калькулятордан да бұрын өте тез ойша санай алады. Бұрақ бұл Исманың әдістемесінің негізгі мақсаты емес. Ол тек қана көрсеткіш. Егер де бала өте тез есептерді ойша шығара алса дұрыс, яғни ол баланың бойында қиялмен белес, зейінді шоғырландыру, логика, өз-өзіне деген сенімділік - осындай маңызды қасиеттер оның бойына дарыған деген сөз.

Қазақстанға ментальды арифметиканың келгеніне көп уақыт өте қойған жоқ. Бірақ балалар арасында оған деген қызығушылық жоғары. Дәмелі Байсеріктің ментальды арифметика мектебіне келгеніне бар-жоғы жарты жыл болған. Шәкірттің алғашқы аяқ алысы жаман емес.

Дәмелі Байсерік, ментальды арифметика олимпиадасының қатысушысы:

Бұл мектеп маған есеп шығаруды үйретті. Бұл мектеп маған қатты ұнайды. Исма Қазақстан супер.

Арнайы әдістің нәтижесі бірнеше айда-ақ көріне бастайды. Мұны мектеп ұстаздары ғана емес, ата-аналар да бірден байқаған.

Әлия Әбділдинова, ата-ана:

Табалдырығын аттаған кезден қызым өте көп нәрсені үйренді, фотографиялық есте сақтау қабілеті бар. Нәтиже өте жақсы қазір.

Алғашқы қалалық олимпиадаға қатысушы балғындардың алдына қойған керемет жоспарлары бар. Олар болашақта ментальды арифметикадан өтетін халықаралық олимпиадаға қатысуды көздеп отыр. «Осы олимпиада барысында үздіктер іріктеліп, келешекте Қазақстандық құрамаға алынбақ», - дейді жоба авторлары.

Берік ХАСЕНОВ