Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан 29 ай қатарынан алтын қорын арттырды

  • AstanaTV
  • 26 наурыз 2015
  • 966

Қазақстанның алтын қоры 29 ай қатарынан ұлғайып жатыр. Ал Ресей мен Украинадағы бағалы металл қоры бұрынғы күйінде. Халықаралық валюта қорының дерегі осындай. Қазақстан өткен ақпанда 196 метрлік тоннадай алтын жинаған.

Бұл қаңтардағы көрсеткіштен 3 тоннаға артық. Алтын көлемі бойынша әлемде 5-орын алатын Ресейде қазір 1210 тоннаға жуық алтын қоры бар.

Еске салайық, өткен айда алтын құймасының құны біршама төмендеген еді. Ақырында, сәуір мен желтоқсан аралығында қоймадағы алтын көлемінің өсуіне орай, Ресей ақпанда бағалы металл сатып алмаған.

Тоғжан АМАНАЛИЕВА