Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы Нұрлан Қаппаровтың кенеттен қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

  • AstanaTV
  • 26 наурыз 2015
  • 1304

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Нұрлан Қаппаровтың кенеттен қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен туыстарына қайғырып, көңіл айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Елбасы өз жеделхатында тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Нұрлан Қаппаров жастар арасынан дара шыққан кәсіпкер ретінде танылғанын айрықша атап өтті. «Нұрлан Қаппаров өзінің мол білімі мен тәжірибесін әрдайым еліміздің өсіп-өркендеуіне жұмсаған дарынды ұйымдастырушы болды. Халқымыз оның есімі мен еңбегін ұмытпайды», - делінген жеделхатта.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА