Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент сайлауында 9 млн 400 мыңнан аса қазақстандық дауыс бере алады

  • AstanaTV
  • 26 наурыз 2015
  • 1166

Президент сайлауында 9 млн 400 мыңнан аса қазақстандық  дауыс бере алады. Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында комиссия мүшесі Бақыт Мелдешов бекітілген сайлау бюллетеньдерінің саны жайлы мәліметпен бөлісті.

Сайлау бюллетеньдері Астана және Алматы қалалық және облыстардағы жергілікті сайлау комиссияларына 20 сәуірден кешіктірілмей жеткізілуі тиіс. «Ал аталған сайлау комиссиялары бюллетеньдерді 24 сәуірден кешіктірмей учаскелік сайлау комиссияларына жеткізуді қамтамасыз етулері қажет», - деді комиссия хатшысы.

Бақыт Мелдешов ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы:

Сайлау бюллетеньдерінің саны, сайлаушылар тізімдеріне енгізілген сайлаушылардың жалпы санының бір пайызын қоса, 9 451 057 дананы құрайтын болып бекітілсін. Бюллетеньге енгізілетін үміткерлер - Құсайынов Әбілғазы, Назарбаев Нұрсұлтан және Сыздықов Тұрғын.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ