Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралдық жастар халықты сайлауда белсенді болуға шақырады

  • AstanaTV
  • 27 наурыз 2015
  • 1017

Батыс Қазақстан облысының жастары, 26-шы сәуірде өтетін президент сайлауында белсенді болуға үндеді. Жастар қала орталығындағы Мәншүк Мәметова алаңына жиналып, караоке-батл ұйымдастырды.

Шара басталмай жатып, алаңда орнатылған караокенің экраны істен шықты. Бірақ жүректен шыққан ән жүректерге жететінін дәлелдеген жастар, таңдаған туындыларды жатқа орындады. Алдымен ән айтуға ебі бар жиырмаға жуық қыз-жігіт іріктеліп, екі топқа бөлінді.

Осыдан кейін ән сайысы қыза түсті. Ұйымдастырушылар алаңға жиналғандарға
«әр адамның дауысы маңызды» екенін ескертіп, «Президент сайлауына бір кісідей қатысуға» үндеді.

Еркін КАРИН