Русский Сайттың толық нұсқасы

Наурыздың соңғы күндерінде еліміздің кейбір аймақтарында минус 25 градусқа дейін суық болады

  • AstanaTV
  • 27 наурыз 2015
  • 1453

Наурыздың соңғы күндері, Қазақстанның барлық аумақтарында күн күрт суытады. 28-29-шы наурыз күндері, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қостанай және Ақтөбе облыстарында түнде минус 15-20 градусқа дейін, кей жерлерде 25 градусқа дейін аяз болады.

Бұл ақпаратты Астана арнасына «Қазгидромет» орталығының баспасөз қызметі хабарлады. Бүгін Астанада қар жауып тұр. Алдағы демалыс күндері Елордада ауа райының күрт құбылуы байқалады. Атап айтқанда, наурыздың 28 іне түнде ауа температурасы минус 10 градусқа, ал 29 күні минус 14 градусқа төмендейді.

Сондай-ақ, наурыздың 29-ы және 30-ы күндері Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында жел күшейеді. Таулы өңірлерде секундына 30 метрге жететін жел тұрады. 27-28 наурызда Астана мен Ақмола облысының аумағы солтүстік циклонның әсерінде болады. Осыған орай қар жауып бұрқасын болады деп күтілуде.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА