Бүгін еліміздің бірқатар
аймақтарында жас отандықтар бас қосты. Белсенді буын өкілдері «Жас Отан» жастар
қанатының 2020 жылға дейінгі стратегиялық құжатын талқылады. Жиынға қатысушылар
ұсыныс-пікірлерін білдіріп, жастар саясатын дамыту ісіне жаңа бағыт беретін
жобаларын таныстырды. Сонымен қатар, республикалық съезге қатысатын делегаттар
сайланды.
Қостанайдағы «Достық үйі» бүгін
жастардың пікір алмасу алаңына айналды. Жас отандықтардың IV облыстық
конференциясына қатысушылар cоңғы 2 жылдағы жұмыс нәтижелерін талқылады.
Сондай-ақ, жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсетілетін игі жобаны, қостанайлық
жастардың да қолдайтынын білдірді. Өңірдің белсенді буыны сәуір айында өтетін
республикалық съезге өз ұсыныстарымен аттанғалы отыр.
Насыролла Ахменов, «Жас Отан» ЖҚ
кезектен тыс IV облыстық конференциясына қатысушы:
Үшінші съезге бірнеше ұсыныспен
барғымыз келеді. Және де сол съезде жазғы уақытта болатын лагерьлерде кішкентай
балалармен жұмыс және педагогикалық жасақтарды құру туралы мәселелерді
қозғағымыз келіп отыр.
Жас отандықтардың атқарып жатқан шаруасы аз
емес, - дейді жастар қанатының өкілдері. Белсенді ұйым екі жылдан бері
«Ардагерлерді ардақтайық», «Жастар - Отанға», «Сәтті қадам» секілді игі
жобаларды жүзеге асырып келеді. Ал ,«Жастар-Ауылға!» жобасы аясында жүзеге
асқан «Кеңес орталығы» оң нәтижесін беріп отыр. Тек Қостанай облысы бойынша 18
айда екі жарым мың жас қажетті ақпар алып, орталықтың көмегіне жүгінген.
Ерлан Төлетаев, «Жас Отан» ЖҚ
Қостанай облыстық филиалының атқарушы хатшысы:
«Кеңес орталығы» адам көп
шоғырланатын, жастар көп жүретін жерлерде жұмыс істеп жатыр. Жастардың көбі
мемлекеттік мекемеге баруға батылы жетпей жатады. Ал сауда орталығындағы
кеңесші маман олармен емін-еркін сөйлесіп, қажетті ақпарын беріп отырады.
Атырауда да жас отандықтар басқосудан тыс қалған жоқ. 150 белсенді жас өткен жылдар қорытындыларының
негізгі бағыттарына тоқталды. «Жастар елдің жаңа бет-бейнесін жасап, жаңа
идеяларды ұсынуға жəне Қазақстанды жаңартудың негізгі қозғаушы күші болуға
тиіс»,- дейді олар.
Асқар Бопылдықов, «Жас Отан» ЖҚ
Атырау облыстық филиалының атқарушы хатшысы:
Жастардың бос уақытын тиімді
пайдалану, қарттарға құрмет көрсету, сапалы білім, жұмыспен қамту жастарды. Осы
мәселелердің бәрін қамтып, жастарға түсіндіріп жатырмыз, талқылап жатырымыз.
Бағдарлама аудандарда, қалада талқылану үстінде. Съезде бекітіледі деген ойымыз
бар.
Елордалық жастар да жиналып,
сәуір айында Астанада өтетін Республикалық съездге баратын делегаттарын
сайлады. Алқалы жиынға 144 белсенді жас атсалысты. Енді оның 45-сі кезектен тыс
III-ші съезге қатыспақ.
Серғазы Шақабаев, «Жас Отан» ЖҚ
Астана қалалық филиалы атқарушы хатшысының бірінші орынбасары:
«Жас отан» ЖҚ кезектен тыс 3-ші
съезіне жоспарланған. Жаңа 2020 жылға дейінгі «Жастар Отанға» бағдармасы
талқылап, қалалық филиал атынан белсенді жастар съезі жұмысына қатысуға
делегаттар сайланды.
Қостанайдағы конференция
барысында да делегаттар есімі анық болды. Астанадағы басқосуға аймақтан 71
белсенді жас баратын болды. Өрендер ой-пікірілерін ортаға салып, игі-жобаларын
ұсынғалы отыр.
Заңғар САНАЙ, Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ