Русский Сайттың толық нұсқасы

«XXI ғасырдың балалары: үлкендерге жүз сұрақ» атауымен жас тілшілердің XI Халықаралық медиафестивалі өткізілді

  • AstanaTV
  • 30 наурыз 2015
  • 2241

«XXI ғасырдың балалары: үлкендерге жүз сұрақ». Осындай атаумен жас тілшілердің XI халықаралық медиафестивалі өтті. «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырған шараға бас аяғы 100-ден астам жас қаламгерлер мен журналистер қатысты.

Осы шараға орай арнайы медиа брифинг ұйымдастырылды. Онда жас жеткіншек тілшілердің сұрағына  Мәжіліс депутаты Майра Айсина, Білім және ғылым министрлігінің өкілі Клара Сейдахметова,  «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының хатшысы Нұрлан Сыдықов жауап берді.

Бүгінгі көкейтесті мәселе ретінде балаларға арналған ақпараттық кеңістікті ұлғайту, мектептер мен колледждерде, балалар үйлерінде баспасөз орталықтарының жұмысын жолға қою жайы сөз болды. Фестиваль барысында  жас қаламгерлер өзара пікір алмасып, көптеген мәліметтерге қанықты.

Қажымұрат Қожабеков, «Жұлдыз» Жасөспірімдер ұйымы ҚБ Республикалық кеңесі төрағасының орынбасары:

Медиа фестивалдің негізгі мақсаты  - жас тілшілердің шығармашылығын дамыту, бағыт-бағдар беру. Маңызы өте зор болашақ тілшілер қазірден бастап зор дайындық үстінде болады.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА