Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыны ақ ұлпа қар басты

  • AstanaTV
  • 30 наурыз 2015
  • 1938

 Алматыда қар толассыз жауып жатыр. Қалада кеше түстен кейін басталған жауынның арты қарға айналып, әлі жалғасып жатыр. Коммуналдық қызметтер қазір көшелерді тазалауға күш жұмылдырған.

Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының мәліметінше, қаладағы қар қалыңдығы 15-20 сантиметрге жетті. Ал таулы аймақтарда ол 30 сантиметрден асып кеткен. «Көктемнің шуақты күнінен соң, күн райының мінез танытуы аномалды жағдай», - дейді синоптиктер.

Сенбі күні шаһарда ауа температурасы +20 градусқа дейін жылыған болатын. Ал «Қазгидромет»  мәліметінше, бүгін түнде ол минус 10 градусқа дейін төмендемек.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ