Русский Сайттың толық нұсқасы

ШҚО автобус аударылды

  • AstanaTV
  • 30 наурыз 2015
  • 963

Шығыс Қазақстан облысындағы Қабанбай батыр ауылы маңында  автобус аударылып, 4 адам қаза тапты, олардың арасында 6 жастағы бала бар. Басқа 23 жолаушы жарақаттанды. Көлік апаты бүгін таңғы бес шамасында болған. Жол-көлік оқиғасы кезінде Алматы-Өскемен бағытындағы жолаушылар автобусында 27 жолаушы болыпты.

Алдын-ала болжам бойынша, жол-көлік оқиғасына аймақтағы боран мен көктайғақ себеп болуы мүмкін. ІІД-нің дерегіне сай, апат орын алған кезде жолаушылардың басым бөлігі ұйықтап жатқан. Зардап шеккендер Мақаншы ауылындағы ауруханаға жеткізіліпті. Қазір оқыс оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Бақытжан Тортаев, ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы:

Осы қозғалған қылмыстық істің аясында бірнеше сараптамалар тағайындалды. Қазір құқық қорғау органдары осы жол-көлік оқиғасы қандай себептен болғандығын анықтау үшін, барлық тергеу, анықтау жұмыстарын жүргізуде.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ