Русский Сайттың толық нұсқасы

Иран ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздер шешуші кезеңіне жетті

  • AstanaTV
  • 31 наурыз 2015
  • 1244

Иран ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздердің шешуші сәті жақындап келеді. Алайда Швейцарияның Лозанна қаласында бас қосып жатқан Иран мен алтылық әлі ортақ мәмілеге келген жоқ деп жазады «Рейтерс».

Келіссөздер қызу жүріп жатыр. Тараптар ортақ мәмілеге келеді деген үміт бар деп хабарлайды басылым. Алайда Тегеран экономикасын қысып отырған барлық санкциялардың дереу алынғанын талап етуде.

Ал батыс асығар емес, санкцияларды алуға кемінде 4-5 жыл қажеттігін айтады. Санкциялар бірден алынса, Иран тіпті центрифугаларының санын алтыға дейін қысқартуға дайын деп жазады агенттік. Ал бұған дейін ислам мемлекеті центрифугаларының санын оннан төмендетпейтінін айтып, қайтпаған-ды.

Ал алтылық олардың санынан емес, сапасынан қаймығып отыр. Өйткені Тегеран уран байытуды өте жылдам әрі ауқымды мөлшерде жүргізе алатын заманауи центрифугалармен жабдықталған. Келіссөздер барысы қатаң құпияда сақталып отыр.

Дегенмен құжатқа 1 сәуірде қол қойылады деген үміт бар.

Айгүл ӘДЕПБАЙ