Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана мен Алматыдан Ақтауға бағыттаған қос рейс Атырауда кідірді

  • AstanaTV
  • 31 наурыз 2015
  • 1364

«Әуе компаниясы жолдан қалған жолаушыларына жағдай жасаған жоқ». Атырау әуежайында бірнеше сағат амалдаған 212 жолаушы жергілікті БАҚ өкілдеріне осылай шағымданды. Олар - кешегі Ақтаудағы құйынға байланысты қона алмай, Атырауға кідірген, Астана-Ақтау, Алматы-Ақтау әуе рейстерінің жолаушылары.

Атырау әуежайында түскі 14.30-дан бастап, түңгі сағат 2-ге дейін сабылған жолаушылар діттеген жерге жеткізуі тиіс әуе компаниясының ыстық тамақ, тіпті демалатын орын бермегеніне назалы.

Виталий Рябов, жолаушы:

«Bek Air» қонақ үйге орналастырмақ түгілі, ыстық тамақ та берген жоқ. Бұл регламентте жазулы қарапайым талап қой. Ақтау әуежайы құмды дауылға байланысты 3 күнге жабылғанын біле тұра, ұшақтарды жіберіп жатыр. 8 сағаттан астам уақыттан бері осында жүрміз. Ақылға сияқтын жауап та берер емес. Бір сағаттан соң, бір сағаттан соң деп уақыт созып отыр.

Гүлмира Рахымова, жолаушы:

Қайта-қайта көмек сұрап бардым, менің қасымда 10 бала бар, конкурсқа апарып келе жатқан балалар деп, қандай көмек жасай аласыздар, тым болмаса балалар демалатын орын болса деп, ешқандай жағдай жасалған жоқ. Қанша қиын болса да, мен сол балаларды вокзалға апардым, Құлсарыға баруым керек, билет алып поезға мінуіміз керек. Өте қиын жағдай.

Төзімі таусылған кейбір жолаушылар поезға билет алуға мәжбүр болған. Ал «Bek Air» компаниясы өкілдері, табиғат жағдайына байланысты болған келеңсіздіктерге компания жауап бермейді деп қысқа қайырды.

Александр Ефримов, «Bek Air» Әуе компаниясының Атырау қаласындағы өкілі:

Табиғаттағы жағдайға байланысты туындаған мәселеге орай, жолаушыларға тамақ, қонақ үй берілмейді. Бұл әуе компаниясының кінәсі емес. Егер компания тарапынан орын алған келеңсіздік болса, әрине барлық жағдай жасалар еді. Маған басшылық қалай тапсырма береді, соны ғана орындаймын.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ