Русский Сайттың толық нұсқасы

ШҚО-нда президенттікке кандидат Нұрсұлтан Назарбаевты қолдау мақсатында 20 қоғамдық штаб құрылды

  • AstanaTV
  • 31 наурыз 2015
  • 1134

Шығыс Қазақстан облысында президенттікке кандидат Нұрсұлтан Назарбаевты қолдау мақсатында 20 қоғамдық штаб құрылды. Олардың жұмысына үш мыңнан астам сенімді тұлғалар мен жас белсенділер тартылған. Бүгін республикалық қоғамдық штаб шығысқа ат басын бұрды. Белсенділер өңірдегі ірі маңызды әлеуметтік нысандарды аралап, үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырды. 

Үгіт-насихат тобының Шығыс Қазақстан тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтып, өңірдің экономикалық өсіміне орасан үлес қосып отырған Үлбі металлургиялық зауытына аялдауы бекер емес. 65 жылдық тарихы бар өндіріс ошағында қазір 4 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Тоқырау жылдары шеттен инвестиция тартып, зауыттың қайта қыз-қыз жұмыс істеуіне Нұрсұлтан Назарбаев тікелей атсалысты. Алып өнеркәсіп - Қазақстандағы маңдайлы кәсіпорындардың бірі.

Бақытжан Ертаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халық қаһарманы:

Сөзсіз, біздің пешенемізге, ырысымызға Алла тағала Нұрсұлтан Әбішұлын алып келді. Нұрсұлтан Әбішұлының арқасында тәуелсіздікке ие болдық. Мәңгілік елге қадам бастық. Соның төрінде еліміз Нұрсұлтан Әбішұлы бас иеді еліне, сіздермен біргемін деп айтқан сөзін ұмытпайсыздар. Біз біргеміз Нұрсұлтан Әбішұлымен.

Әлемдегі уран өндіретін ең ірі зауытқа Назарбаевтың пәрменімен жүзеге асып жатқан үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының шарапаты тиді. Бүгінде Үлбі металлургия комбинаты экологиялық тазалағы жағынан еуропалық стандартқа сай.

Қанат Акиев, «Үлбі металлургия» зауытының қызметкері:

Біз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында экономикамыз көтеріліп, бала-шағамызды асырап, жұмысымызды істеп жақсы өмір сүрудеміз. Сондықтан да біздің зауыт қызметкерлері Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кандидатурасына дауыс береміз.

Бұдан бөлек республикалық қоғамдық штаб мүшелері Өскеменде облыс белсенділерімен, кеншілермен, үкіметтік емес ұйым өкілдері және жоғарғы оқу орындарының мұғалімдерімен кездесті. 

Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары: 

Біздің елімізде жастарды біріктіретін, 
170 мың адамның басын біріктіретін жастар қанатының 10 пайызы осы Шығыс Қазақстан өңірінде жұмыс істеп келеді.

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлауалды бағдарламасы да жарыққа шықты. Ол экономикалық өсімі тұрақты, сыртқы сынақтарға төтеп бере алатын, біртұтас мықты мемлекет құру жолдары тарқатылып жазылған 5 институтционалдық реформадан тұрады. 


Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ