Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыдағы хайуанаттар паркінде Қазақстан бойынша ең ұзын питон бар

  • AstanaTV
  • 01 сәуір 2015
  • 1864

Еліміздегі ең алып жылан Алматыда. Хайуанаттар саябағында осыдан 12 жыл бұрын пайда болған бауырмен жорғалаушы, қазір ең үлкен жылан ретінде тіркелді. Алматы хайуанаттар паркіндегі рептилия осы уақыт аралығында тым үлкейген.

Мекеме қызметкерлері жақында денелі жәндіктің ұзындығын өлшепті. Мұндай ұзын жылан Қазақстанда бұрын соңды тіркелмеген. Питонның ұзындығы 4 метр 79 сантиметрге жеткен. Қазір алып жыланға өзге елдің хайуанаттар парктері қызығып, сатып алуға өтініш білдіріп жатыр.

Алайда салмағы 50 келіден асатын питонды бақ қызметкерлері Алматыда қалдыруды ұйғарыпты.

Михаил Сорокоумов, Алматы хайуанаттар паркінің баспасөз хатшысы:

Біз оны жіппен өлшедік. Себебі жыланды бір сызықпен созу мүмкін болмады. Жиырылып жатқан күйінде білдіртпей өлшеп алдық. Оның аузында 80 тіс бар. Егер мазаласаң саусағыңнан айырылуың мүмкін. Тіпті адам өміріне де қауіпті. Он екі жыл бұрын небәрі 10 сантиметр болып туылған питон қазір алып жыланға айналды. Бұл елімізде бұрын-соңды тіркелмеген оқиға болып отыр.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ