Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркияда тұтқыннан босатылған прокурор қайтыс болды

  • AstanaTV
  • 01 сәуір 2015
  • 1107

Түркияда 9 сағат бойы экстремистердің тұтқынында болып, босатылған прокурор Мехмет Селим Кираз алған жарақаттардан ауруханада қайтыс болды. «Құтқару операциясы барысында оған бес оқ тиген», - деп Рейтерс агенттігі жазды.

Еске салсақ, кеше белгісіз екі адам прокурордың кеңсесіне кіріп, оны тұтқынға алды. Террористер 2013 жылы үкіметке қарсы наразылық шаралары барысында құрықталғандарды босатып, сол шеру барысында мерт болған 13 жастағы баланың өліміне қатысы бар адамдарды жазалауды талап еткен.

Айта кетерлігі, бақилық болған прокурор Мехмет Селим Кираз дәл осы істі тергеумен айналысқан. Террористермен келіссөз 6 сағатқа созылды. Алайда нәтиже болмағаннан кейін полиция қызметкерлері сот ғимаратын басып алуға бел буған.

Жалпы құтқару операциясы 20 минутқа созылды. Осы уақыт аралығында екі террористің де көзі жойылды.

Жұрағат БАМАН