Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте жапон айвасы гүлдеді

  • AstanaTV
  • 16 ақпан 2016
  • 2270

Шымкентте ақпан айының ызғарлы болуына қарамастан, жапон айвасы гүлдей бастады. Оны алғаш қала тұрғындары байқаған. Жемісі емдік мақсатта қолданылатын бұл өсімдік күннің қара суығына қарамастан, бүршік жарған. Мамандар оңтүстіктің жылы табиғатына бейім бұл өсімдіктің ерте гүлдеуін қаңтар айында ауа райының жылынып кетуімен байланыстырады.

Айта кетейік, бір-екі апта бұрын шаһарда ауа температурасы күндіз 15, түнде 7-8 градусқа дейін жылы болған. Қала ажарын ашу үшін отырғызылатын бұл бұталар әдетте сәуір айының соңы мен мамыр айында гүлдейді.

Айзада  ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ