Кенияның Гарисса қаласында
содырлардың шабуылынан 15 адам көз жұмды. Reuters таратқан ақпарға сай тағы 65
адам түрлі жарақатпен ауруханаға
жеткізілді. Олардың төртеуінің жағдайы ауыр. Лаңкестік әрекетті «Әш Шәбаб»
содырлары өз мойнына алды.
Кения университетінде кепілге алынған 500
тәлімгердің тағдыры белгісіз. Newsweek Europe тілшісі Джек Twitter-дегі
парақшасында «содырлар мұсылмандар мен мұсылман еместерді бөліп ұстап отыр», -
деп жазды.
Еске салайық, 2-шы сәуірде «Әш-Шәбаб» исламдық тобының мүшелері
университет жатақханасына басып кірді. Ғимаратта 400 студент болған. 70-ке жуық
тәлімгер қамаудан қашып құтылды. Куәгерлердің айтуынша содырдар жақсы
қаруланған. «Әш-Шәбаб» тобы 2004 жылы құрылған «Ислам соты Кеңесінің» ізбасары саналады.
Самат ҚАНАҒАТОВ