Русский Сайттың толық нұсқасы

Партиялардың сайлауалды съездері

  • AstanaTV
  • 06 ақпан 2016
  • 2013

Парламент сайлауына қатысатынын ресмитүрде бес партия растады Ал депутаттықтан уміткерлер саны «ә» азаматка жетті. Осы аптада бірінее соң бірі төрт партия сайлауалды съездредін өткізді. Өткен аптада «Нұр Отан» съезі болған.  

«Ауыл» халықтық-демократиялық партиясынан үміткерлер саны 19. Олардың қатарында ғылым докторлары да,  шаруалар да бар. Астанада өткен партияның кезектен тыс 12-ші съезінде партияның сайлауалды бағдарламасы бекітілді. «Ауыл  дәстүрін  жаңғыртамыз» атты бағдарлама ауыл шаруашылығы саласын дамытумен ғана шектелмейді- дейді партия төрағасы.

¤

Әли Бекетаев, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясының төрағасы:

¤

«Ауыл» партиясы үшін, басты мақсат-халықтың дәстүрлі құндылықтарындамыту, Отанымыз-Қазақстанның тәуелсіздігін арттыру, «МәңгілікЕлді» нығайтып, бекіту».

¤

Ал, коммунистер тізген 22 адамның ішінде мәжілістің бесінші шақырылымында болған 7 депутатының алтауы бар. Олар да  партияның сайлауалды бағдарламасын  бекітті. «Әлемді кезекті қаржылық дағдарыстан біржола құтқарар жалғызжол - коммунистік идея»,- дейді олар, әрине.

¤

Тұрғын Сыздықов,  ҚКХП Орталық комитетінің хатшысы:¤

«Қазіргі жоспарланып отырған мәжіліс депутаттарын сайлау біздің партиямызға ерекше сынақ болып отыр. Біз халық үмітін ақтап, олардың мүдделерін білдіру үшін сайлауға жоғары дәрежеде дайындалып, қатысуымызқажет.

¤

«Ақжолдықтар» ұсынған тізімде 35 азамат бар. Орта жасы 46. Ең жас кандидат 34-те. Тізімдегі 24 үміткер бизнес өкілі, ұлттық инттелегенциядан алты адам, партия органдарынан бес адам бар. «Ақжол» тізіміне шетелден келген қандас бауырымыз да енген.

¤

Азат Перуашев,  «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:

¤

 «Осы жолы біз әріптестермен кеңесіп, ұзын-сонар партиялық тізім жасамау туралы шешім шығардық. Бүгін «Ақжол» партиясы парламенттің 20-30 мандатын алу асқақ арманын қойып отырған жоқ. Мақсат – парламенттегі бұрынғы үлесімізді бекітетүсу».

«Бірлік» партиясы Парламент Мәжілісі сайлауына 8 үміткер қосады.  Төменгі палатадан көп орын дәметпейді. Төраға Серік Сұлтанғали 8 адам өтетіндей дауыс жинасақ та жеткілікті- деп санайды.¤

Серік Сұлтанғали,  «Бірлік» партиясының төрағасы:

«Ең негізгі өзіміздің қасиетімізді жоғалтпауымыз керек. Ниет - тек қана жақсылық, тек қана тыныштық. Барлық партиялар соны ғана ойлауы керек, соның барлығы бір бізге. Арғы жағы, экономика болсын, бизнес жағы болсын, экология жағы болсын оның барлығы келеді».