Қазақстанда былтыр алғаш рет
азық-түлік импорты 6 пайызға, оның ішінде Кеден одағы елдерінен келетін импорт
- 10 пайызға төмендеген. Бүгін Президент қабылдауында болған Ауыл шаруашылығы
министрі Асылжан Мамытбеков осыны мәлімдеді.
Министр оңтүстікте егін егу
жұмыстары басталғанын, солтүстік облыстарда науқанға дайындық жүріп жатқанын
айтты. Жанар-жағармай жеткілікті және шаруаларға республикалық бюджеттен 60
миллиард теңге көлемінде несие берілгенін мәлімдеді. Көктемгі егіс науқанын
сапалы әрі уақытылы жүргізу қажеттігін тапсырған президент, азық-түлік импортын
қысқарту мәселесіне де айрықша тоқталды. Бүгінде сырттан жеткізілетін ауыл
шаруашылығы шикізаты мен өңделген өнімдердің көлемі 4 миллиард долларды құрайды.
Соның 1 миллиардқа жуығы елімізде өндірілмейтін тауарларға тиесілі.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан
Республикасының Президенті:
Алманы да көбейтуге болады,
құстың етін көбейтуге болады. Шұжық 55 пайызын өзіміз шығармыз. Еттің 84 пайызы
өзімізде. Қой еті, жылқы еті, жұмыртқа, бидай, нан - негізгі тамақтар өзімізде.
Осыны қарап әрі қарай. Содан кейін екінші мәселе - өңдеуді көбейтіп, ауыл
шаруашылығы өнімінің бағасын көтеру керек.
Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ