Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыруға 2015 жылы Ұлттық қордан 796 млрд теңге бөлінеді

  • AstanaTV
  • 06 сәуір 2015
  • 1103

Отандық көлік өндірісі саласын дамытуға Ұлттық қордан 35 млдр теңге бөлінді. Оның ішінде автомобильдер жасауға 20 млрд, тікұшақтар мен жолаушылар вагондарын құрастыруға 15 млрд теңге қарастырылған. Қомақты қаржы 2015 жылға арналған дағдарысқа қарсы шаралар аясында бөлініп отыр. «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыруға Ұлттық қордан 2015 жылы бөлінетін жалпы қаражат көлемі 796 млрд теңге.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Марат Құсайынов айтты. Отандық автомобиль және тікұшақ өндірушілерді қолдау арқылы ішкі нарықта шетелдік өнімдердің импортын алмастыра аламыз, - дейді вице-министр. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығын қолдауға қосымша ретінде ұлттық қордан 20 млрд теңге бағытталады. Жалпы «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыруға негізгі қаржыдан бөлек, ұлттық компаниялар мен даму институттарының меншікті қаражатынан 240 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді деп жоспарланған.

Марат Құсайынов, ҚР Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары:

«Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 жылы 796 млрд теңге, 2016 жылы 379 млрд теңге, 2017 жылы 3 млрд АҚШ доллар эквиваленті көлемінде қаражат бағыттау жоспарлануда. Халықаралық қаржы институттары есебінен индикативті бірлесіп қаржыландыру көлемі 9 млрд АҚШ доллары шамасында құрайтын болады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ